Погода
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
Курс валют
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Атырау мұнай өңдеу зауытының төбесінен от лаулады

12 Июля 2018 21:17 630

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытының үстінен от шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде отты, аспанға тараған көк түтіннің суреттері мен видеолары тарап кеткен. Зауыттың баспасөз қызметінде мәлім еткендей, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап, жақын арада баспасөз релизін ұсынатын болады. Оқиғаны тергеу амалдарына экологтар атсалысуда.
Алдын ала берілген ақпарат бойынша, зауыттағы компрессорлердің бірінен ақау шыққан. Кәсіпорынның жұмысына қаншалықты кедергі зиян келтіргені әлі белгісіз.

«ҚазАқпарат »ХАА жағдайды бақылап отыр.

 

 

Ключевые слова: Атырау облысы, Оқиға, Экология,
Наверх