Погода
Астана 2 °С
Алматы 13 °С
Курс валют
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Астаналықтар автобуспен жылдам жүретінін түсінді - әкім

20 Февраля 2019 13:55 599

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылады. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі 107 көше қиылысы «ақылды бағдаршамдармен» жабдықталды. Олар шынайы уақытта жол легін оңтайландырады. Қоғамдық көлік пен таксиге арналған 77 шақырым арнайы жол белгіленді. Айтпақшы, бұл біздің келешектегі басымдығымыз болмақ. Автомобильмен жүретіндерге бұл ұнаса да, ұнамаса да бұл цифрды көліксіз азаматтардың мүддесі үшін ұлғайтатын боламыз. Олар 700 мың адам және бір жылда 317 млн рет жол жүрді. Адамдар тез жеткің келсе, автобуспен жүру керектігін түсінді», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Көктал, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыстың оң жағы, Өндіріс тұрғын үй алаптарындағы 51 көшеге 27 шақырым асфальт төселетін болады.

«2020 жылы жеңіл рельсті көлікті аяқтаймыз.  Сол жылы шағын айналма жол да пайдалануға беріледі. Қысқасы жолдарымыз жақсарады», - деді Б.Сұлтанов.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Ключевые слова: Астана, Әкім, Қоғам,
Наверх