Погода
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
Курс валют
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Астанада жыл сайын 30 мың бала дүниеге келеді

20 Февраля 2019 12:42 509

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлердің сапалық көрсеткішінде бірқатар мәселе бар. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп беріп жатқан Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаны саудың - тәні сау» дейді қазақ. Дәрігерлер -  еңбегі көп елене бермейтін саланың өкілдері екенін білесіздер. Алайда, бір сәт ойланайықшы! Олар - күн сайын түрлі тағдырлармен бетпе-бет келетін қайсар жандар емес пе?  Өмір мен өлімнің арасында жанталасып жатқан науқасты азабынан құтқаратын қаһармандар - міне, осылар ғой.  Рас, медицина саласында, әсіресе, қалалық емханаларда кадр тапшылығы, қызметкерлердің сапалық көрсеткіші бойынша бірқатар мәселелер бар. Бірақ, біз осы проблемаларды жеңу үшін бірқатар қадамдар жасадық», - деді қала басшысы.

Осы орайда, ол  емхана дәрігерлерінің кәсібилігін көтеру және азаматтармен қарым-қатынас шеберлігін нығайтуға бағытталған семинарлар өткізіліп жатқандығын айтты. Сонымен қатар медицина саласында өлім-жітім көрсеткішін төмендету, тиімді емдеу үшін инфрақұрылым құру, кадрларға әлеуметтік пакет беру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге басымдық берілетіндігін атап өтті.

«Елордада өлім-жітім көп болатын аурулардың көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарта алдық. Атап айтқанда қан айналымы жүйесінен болатын өлім жітім -18, инфарктан -9, гипертониядан -8 пайыз төмендеді. Бұл цифрлардың артында ондаған мың құтқарылған өмір тұр. Орташа алғанда өлім-жітім 10 пайыздан астамға  төмендеді. Жыл сайын елордада 30 мың бала дүниеге келеді», - деді ол.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Ключевые слова: Астана, Әкім,
Наверх