Погода
Астана 2 °С
Алматы 13 °С
Курс валют
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Астанада кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады

20 Февраля 2019 14:23 707

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін қала халқының алдында есеп берген Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамырда жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қаражат пен мемлекеттік қызметтерді алуда бизнес үшін процестерді барынша жеңілдететін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлер «бір тереге» принципі бойынша жобаға толықтай қолдау мен барлық қызмет түрлерін ала алады»,  - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның дерегінше, бүгінде елордада 120 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл өткен жылғыдан 20 пайызға көп. Қазіргі уақытта қала бюджетіне түсетін салықтың жартысынан көбін шағын және орта бизнес беріп отыр.

«Кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалардың құралдары белсенді қолданылады. Бизнестің жол картасы арқылы 1090 кәсіпкерлік субъектісі  185,9 млрд теңге қолдауға ик болды. 873,3 млн теңге шағын несие берілді. Кәсіпкерлікті енді бастаған 65 адам жеке ісін ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Осы шаралардың барлығы 9 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап, тағы да 6300-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді», - деді қала әкімі.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Ключевые слова: Астана, Кәсіпкерлік, бизнес,
Наверх