Погода
Нур-Султан 12 °С
Алматы 16 °С
Курс валют
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

Астанада әйелдерді тонап келген түнгі қарақшылар тобы ұсталды

19 Января 2019 16:08 1223

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда полициясы әйелдерді тонаумен айналысатын 4 адамнан тұратын топты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қаңтарда әйелдерге күш көрсетіп, олардың сөмкелерін тартып алған 4 адамнан тұратын қылмыстық топ  ұсталды. 18 қаңтарда Астана тұрғыны сағат 21.00-де, сауда-ойын сауық орталығының жанында белгісіз біреулер күш көрсетіп сөмкесін тартып алғаны жөнінде хабарласқан болатын. Жедел іздестіру барысында көп ұзамай 4 күдікті қолға түсіп, уақытша қамау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар қаскөйлердің уақытша тұрып жатқан жерінен тәркіленді», - делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тонау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, ұсталғандарды басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

null 

Астананың полиция департаменті егер ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, департаментке (Бейбітшілік, 19) немесе мына телефондарға: 8 (7172) 71-61-51; 8-777-303-36-07 , «102» хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Астанада әйелдің сөмкесін тартып алмақ болып, соққыға жыққан азаматтың іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

 

 

 

Автор: Дәулет Ізтілеу
Ключевые слова: Қылмыспен күрес, Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Наверх