Погода
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
Курс валют
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астанада 500-ге жуық автобуста мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған

19 Января 2019 19:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы қоғамдық көліктерге арнайы мониторинг жүргізіп, оның мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы емес екендігін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партияның мәліметіне сүйенсек, халыққа қызмет көрсетіп жүрген автобустарға жасалған мониторинг нәтижесі көңіл қуантпайды.

«Негізгі қателіктер - көзі нашар көретіндер үшін дыбыстық және жарықтық индикаторлар мен механикалық жылжымалы пандустардың болмауы. Бұл кемшіліктердің барлығы мүгедек арбасына таңылған, көзі нашар көретін, құлағы естімейтін, қимыл-тірек қозғалысы бұзылған азаматтар үшін қиындық туғызады» делінген хабарламада.

Дерекке сәйкес, Астанадағы 1106 автобустың 628-інде ғана мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған. Статистика бойынша елордада мұндай көмекке зәру 25 719 тұрғын бар. Ал, аймақтағы жағдай тіпті төмен.

Сол сияқты жазбада «Нұр Отан» партиясы жасалған мониторинг қорытындысы бойынша, қоғамдық көліктерде азаматтардың барлығына тең жағдай жасау үшін нақты шешімдер қабылданатыны айтылған.

Наверх