Погода
Астана 13 °С
Алматы 30 °С
Курс валют
USD 346.68
EUR 404.02
RUB 5.47
CNY 51.15

Алматыда рұқсатсыз ағаш кескендер 40 тал отырғызуға уәде берді

12 Июля 2018 18:56 450

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Арбат алаңында заңсыз ағаш кескендер алматылықтардан кешірім сұрады. Сонымен қатар, 4 ағаштың орнына 40 ағаш отырғызуға уәде берді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі. 

Жібек Жолы, 104 ғимаратының әкімгері Жаңабай Жұмабаев оталған 4 қарағаштың орнына 40 сапалы ағаш отырғызуға уәде берді.

«Кесілген 4 ағаштың орнына 10 есе көп, яғни 40 сапалы ағаш отырғызуға уәде береміз. Уақыты - 1 тамызға дейін. Тағы да алматылықтардан кешірім сұраймыз. Алматының жасыл желегін орнына келтіруді мойнымызға аламыз», - деді аталған ғимараттың әкімгері Жаңабай Жұмабаев.

Өз сөзінде ғимарат әкімгері ағаштардың не себепті кесілгенін айтты.

«Себебі, ағаш ғимаратқа кедергі келтірді. Олар ескірген болатын. Бұтақтар сынып, терезені зақымдады. Тез арада арнайы қызмет өкілдерін шақырып, «тонировка» деген әдіспен қысқартқанбыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Жібек Жолы, 104 мекенжайындағы ғимарат иесі 4 жапырақтұқымдас ағашты заңсыз кесіп тастағанын хабарлаған болатынбыз. 

Қалалық полиция Арбат алаңындағы ағаштарды заңсыз кескендерді ұстаған еді.

Полицияға берген жауабында жұмысшылар ғимарат иесінің "ағаш кесуге рұқсат қағазы бар" деп алдағанын айтқан.

«Ғимарат иесі шетелде болғандықтан, оның қаладағы өкілі ұсталды. Енді оған қатысты әкімшілік шара қолданылып жатыр», - деді әкімдіктен.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Ключевые слова: Алматы, Экология,
Loading...
Наверх