Погода
Астана 3 °С
Алматы 5 °С
Курс валют
USD 356.54
EUR 419.43
RUB 5.42
CNY 51.86

Алматы облысында ер адам жоғалып кетті

12 Июля 2018 19:10 543

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен Талғар ауданының 24 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Талғар ауданының Еркін ауылында тұрған 1994 жылғы Қағазбек Нұрқанат есімді азамат 5-ші шілде күні өз автокөлігімен белгісіз бағытта жол жүріп кеткен.

«Ер адамның қайда жүргені әлі анықталған жоқ. Белгілері: бойы 160-165 см, орташа денелі, шашы - қысқа, қара түсті. Үстінде сұр түсті футболка, қара түсті джинсы шалбар болған. Ерекше белгілері: денесінде бауырына жасалған отадан кейін қалған тыртық бар», - деді ведомствода.

Полиция жоғалған азамат туралы қандай да ақпарат білетіндер болса, Талғар ауданының Ішкі істер басқармасына 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 нөмірлері бойынша дереу хабарласуларын сұрайды.

 

 

Ключевые слова: Алматы облысы, Оқиға,
Наверх