Погода
Нур-Султан 6 °С
Алматы 16 °С
Курс валют
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақордада Қазақстан мен Зимбабве Президенттері кездесу өткізуде

21 Января 2019 12:24 1267

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагва шағын құрамда келіссөз өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген мәртебелі мейманды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақорданың ішінде ізетпен қарсы алды. Осыдан кейін Қазақстан Президенті зимбабвелік әріптесін еліміздің Үкімет мүшелерімен, ал Эммерсон Мнангагва делегация құрамымен таныстырды. Келесі кезекте екі елдің мемлекеттік әнұраны орындалды.

Қазіргі уақытта Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагваның шағын құрамдағы келіссөзі жабық есік жағдайында өтіп жатыр.



null



null




null


null  

 

Наверх