Погода
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
Курс валют
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Ақмола облысының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы талқыланды

11 Октября 2018 23:13 154

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарма мен Ресей халық шаруашылығы академиясы корпоративтік басқару Жоғары мектебінің кафедра меңгерушісі, КСРО және РҒА академигі Абель Аганбегян бастаған ғалымдар тобымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде облыстың 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын əзірлеуде əріптестік орнату мəселесі сөз болды.

"Мемлекет басшысы өзінің күні кешегі Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты» деген сөздерімен өңірлік дамудың жаңа серпініне жол ашып берді. Осынау өңірлік дамуды бағдарламасы шеңберінде ақмолалықтардың əл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту көзделген.  Осы бағдарламаны əзірлеуге атсалысуға ниет білдіріп отырғандарыңызға алғыс білдіремін",-деді облыс әкімі.

Өз кезегінде қонақтар облыс жайлы алдын ала мағлұматтармен танысуға мүмкіндік жасалғанына алғыс айтты.

«Өңір басшылығы алдағы жылдарға нақты мақсат қойып, оны шешудің оңтайлы жолдарын қарастырғаны байқалады",-деді А.Аганбегян. "Бұл іске бізді қатыстырып отырғандарыңыз ортақ мүддеден туындайды. Ақмола облысының барлық жағынан дамуына мүмкіндік мол. Астана нарығы ғана емес, Астананың болашағы да осыны талап етеді. Сіздер алтын өндіруде, егін өсіруде жетекші орындасыздар. Сондықтан, Ақмола облысының əлеуеті зор".

«Əрине, біз бірлесіп жұмыс істейін бағдарламаны жүзеге асыру облыстың географиялық жəне геосаяси жағдайын ескере отырып, тұрғындардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді",- дей келе, Ресей корпоративті Жоғары мектебінің директоры, профессор Сергей Календжан инновациялық білім кластерін құру жөнінде ұсыныс  жасады.

 

 

Наверх