Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Зорлық жасаған жолсеріктерге үкім шығарған сот өкілі де жауапқа тартылуы мүмкін – Мәжіліс депутаты

2019 жылдың 12 тамыз 2019 16:12 295

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев «Тальго» пойызында зорлық жасаған жолсеріктерге үкім шығарған судьяларға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталмыш сот өкіліне қатысты қызметтік тексеру жүргізу бойынша талап қоятын боламыз. Бірақ нақты тексеру болады деп айта алмаймын. Сот біздің мемлекетте биліктің тәуелсіз тармағы болып саналады. Ол Парламенттен де, Үкіметтен де тәуелсіз. Сонда да біз олардан қызметтік тексеру жүргізуді талап ететін боламыз. Халықтың өкілі ретінде депутаттық сұрау салуға хақымыз бар. Қазір менің атымнан Бас Прокуратура мен Жоғарғы сотқа, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының атына жазылған үш хат жатыр», - деді депутат.

Еске салсақ, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстық іс сотқа түскен. Кейін бұл оқиға бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсінік берді. 26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Оқиға, Сот, Парламент,
Жоғары қарай