Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Жыл соңына дейін шешіледі - вице-министр мектептегі 5 күндік жұмыс аптасы туралы

2019 жылдың 22 тамыз 2019 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мектептерін 5 күндік жұмыс аптасына ауыстыру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова Қазмедиа орталығында өткен пленарлық отырыста мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта ұстаздар қауымын 5 күндік жұмыс аптасы алаңдатып отыр. Бұған дейін БАҚ-та Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзі жарияланды. Онда министрлік әрбір мектептің педагогикалық кеңесте типтік оқу жоспарын, сыныптар санын ескере отырып, 5 күндік жұмыс аптасына ауысуды ұсынады. Мұнда өзге шешімнің қажеті жоқ, егер мектеп бескүндікке ауысса, сенбі күнін мұғалім қалауынша өткізер еді. Немесе мектеп әкімшілігі айына бір рет әдістемелік жиын өткізе алады. Сондықтан, бұл бес күндік жұмыс аптасы мәселесі жыл соңына дейін шешіледі деп ойлаймыз. Бұл - мұғалімдер тарапынан ең жиі қойылатын сұрақ, сондықтан мектеп әкімшіліктеріне осы мәселені қолға алуды өтінеміз. Оның үстіне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсібінен тыс жұмысқа салмауды тапсырды», - деді Фатима Жақыпова.





Жоғары қарай