Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Жыл ішінде Қазақстан мен Кореяның тауар айналымы 2,2 млрд долларды құрады – Ким Дэ Сик

2019 жылдың 7 тамыз 2019 18:58 151

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Корея Республикасының ҚазақстандағыТөтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик, БАҚ өкілдерімен кездесіп,екі ел арасындағы экономика саласының дамуын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд долларды құрады.

«Корея Республикасы Қазақстанда өз ісін ашқан шетелдік инвесторлардың алғашқы ондығына кіреді. Инвестициялар негізінен экономиканы дамытатын машина жасау, электроника мен фармацевтика сынды салаларға бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі 4 млрд доллардан асты. Бүгінгі таңда Корей тарапы Қазақстан билігінің бизнесті дамытуға жасаған жеңілдіктеріне қызығушылық танытып отыр»,-дейді Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ-Сик.

Бүгінгі күні Қазақстанда Оңтүстік Кореяның капиталы бар 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары «Hyundai», «LG, Samsung», «Lotte Confectionery», «Dongil Highvill» сияқты компаниялар Қазақстанда аса ауқымды табыстарға қол жеткізуде.

«Біз екі ел арасындағы жобаларды ерекше назарда ұстаймыз. Мысалы, кореялық компанияның қатысуымен үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жүріп жатыр. 2019 жылдың соңына дейін кореялық автомобильдерді жинау бойынша жаңа зауыттың құрылысы аяқталады. Машина зауыты жылына 20 мың көлік құрастырып шығарады. Кәріс бизнесі Қазақстанның тамақ өнеркәсібі, тау-кен байыту өнеркәсібі саларында табысты жұмыс істеуде»,-деп атап өтті Ким Дэ-Сик.

Сонымен қатар ол бүгінде Қазақстанда цифрландыруға баса назар аударылып жатқандығын айта келе , Кореяның көп жылдық тәжірибесі бұл саланың Қазақстанда дамуына зор үлесін қосатындығын атап өтті.

«IT саласында Корея өзінің смарт технологияларын Қазақстанға толықтай енгізуге дайын. Қазақстан Президенті мен Корея Президентінің кездесуінен кейін бұдан өзге жаңа бағыттағы салалар қолға алынбақ», - деп қосты елші.

Жоғары қарай