Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Жүзуден Беларусь турнирі: Диана Злобина екінші «алтын» алды

2019 жылдың 4 шілде 2019 23:43 949

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүзуден Беларусьтің Брест қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір «алтынмен» толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, бүгін 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Диана Злобина алтын жүлдегер атанды. Ол іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтап, финалға өткен болатын. 

Бұл, Диананың турнирдегі екінші «алтыны». Кеше қазақстандық спортшы 400 метрге кешенді әдіспен жүзуден жеңімпаз атанған еді.  



 

Басты сөздер: Беларусь, Спорт,
Жоғары қарай