Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.73
EUR 427.36
RUB 5.75
CNY 56.07

«Жусан» операциясы жалғасады- СІМ

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 17:05 848

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты гуманитарлық операция жалғасатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, осы жылдың ең басты жаңалығы - Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған «Жусан» операциясы болды. Ол операцияның мән-жайы Сыртқы істер министрлігінің арнайы брифингінде айтылды. Операция шеңберінде 47 азамат Қазақстанға жеткізілді. Оның отызы 1-5 жас аралығындағы сәбилер», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, елге әкелінген сәбилердің көпшілігі Сирия аумағында дүниеге келген. Сондықтан, бұл операцияның басы ғана, ол жалғасып жатыр.

«Бұл операция әлі жалғасады. Бірақ, мән-жайын толық айта алмаймыз. Өйткені, бұл операцияда бізге халықаралық ұйымдар мен серіктестер көмектесіп жатыр. Сол себепті, көп ақпарат әлі жұмыс бабында. Түсінушілік танытуды сұраймыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, 6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған.

 

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Сирия, ҚР СІМ,
Жоғары қарай