Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Жұмыспен қамтудың Жол картасы: Алматы облысына 109,2 млрд теңге бөлінді

2020 жылдың 27 наурыз 2020 14:18

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамтудың Жол картасын жүзеге асыру үшін Алматы облысына 109,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Жұмыспен қамтудың Жол картасын« жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге бөлуді тапсырды. Оның ішінде Алматы облысына 109,2 млрд теңге бөлінді. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды және қажетті қаражат. Бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу маңызды. Өйткені коронавирусқа байланысты облыстың көптеген тұрғындары жұмыссыз қалды. Олардың отбасыларына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Бұған дейін жұмыс жасауға осындай орасан зор қаражат бөлінген жоқ. Сондықтан біз оларды бөлгенде жауапкершілікпен қарауымыз керек. Есепті кездесу, жеке қабылдаулар кезінде тұрғындар жүгінген облыстың аудандары мен қалаларына да қаражат бөлеміз. Тұрғындардың барлық өтініштерін талдап, бөлінген қаражатқа маңызды және қажетті жобаларды жүзеге асыру қажет. Жолдарды жасау, әлеуметтік нысандарды жөндеу және тағы басқа», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Алматы облысында 27,3 мың жұмыс орнын құрумен 1 240 жоба іске асырылатын болады. Өңірде жобалар 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, бұл әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, қайта жаңарту. Мысалы, тек білім беру саласында 88 нысан күрделі, ағымдағы жөндеуге жатады, ал 351 мектепте сыртқы дәретханаларды жою керек. Жалпы әлеуметтік-мәдени салада 31,8 млрд теңгеге 491 жоба іске асырылатын болады. Екіншіден, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін ағымдағы, орташа, күрделі жөндеуден және жаңартудан өткізу қажет. Осы бағыттағы 79 нысан бойынша 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделеді. Оған 20 млрд теңге қарастырылған. Үшінші бағыт - бұл инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту. Мұнда 547 нысан бойынша 8 500 мың жұмыс орны құрылмақ, оған 34,2 млрд теңге бөлінеді. Төртінші бағыт – елді мекендерді абаттандыру. Барлығы 153 нысан 17 млрд теңгеге жаңартылмақ. Сонымен қатар, ирригациялық желілерді қайта жаңартуға 6,2 млрд теңге қарастырылған.


Жоғары қарай