Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Жұмыспен қамту картасы: Нұрымбетов жастарды өз ауылдарына шақырды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 18:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының маңындағы ауылдарда тұрғанымен қаладағы жұмысынан айырылған азааматтарды жаңа «Жұмыспен қамту картасы» жобасына атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде жаңа «Жұмыспен қамту картасы» әзірленді. Оған 1 трлн қаражат бөлініп отыр. Сол қаражаттың есебінен елімізде 7 мыңнан аса жоба іске асырылады. 240 мыңнан астам жұмыс орыны болады. Кеше Президент Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының маңындағы ауылдардағы азаматтар қалаға кіре алмай, жұмысынан қиындық көріп жатқанына ерекше көңіл бөлген еді. Осы тапсырма бойынша егер ауылдарыңызға, өздеріңіздің өңірлеріңізге қайтып, «Жұмыспен қамту картасының» жобаларына қатысатын болсаңыздар, сіздерге жұмысқа кіріскен күні 85 мың теңге көлемінде көтерме ақы беріледі. Ол жалақыға қосылмайтын бөлек өтемақы. «Жұмыспен қамту картасы» бойынша да жалақының мөлшері 85 мың теңгеден төмен болмайды», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр мұндай шешім қабылдаған жастар үшін жергілікті әкімдер рекруттық бекеттер ашатынын айтып өтті.

«Барлық өңірге тиісті тапсырма берілді. Жігіттер, жастар өз өңірлеріңізге қайтсаңыздар, «Жұмыспен қамту картасы» сіздерге жаңа мүмкіндіктерді ұсынады», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайттың ашылатынын мәлімдеген еді.


Жоғары қарай