Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Жұмыртқа инсульт қаупін жоғарылатады – зерттеу

2020 жылдың 27 ақпан 2020 21:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жұмыртқа инсульт қаупін жоғарлатады, ал жеміс-жидектер мен көкөністер, ірімшік керісінше, қауіпті төмендетеді, деп жазады The Independent.

Авторлардың айтуынша, инсульт қаупін белгілі бір диеталар арқылы төмендетуге болады.

«Ғалымдар инсульттың негізгі екі түрін зерттеп, оған қандай азық-түліктердің байланысы бар екенін анықтады. Еуропаның 9 мемлекетіндегі 418 мың адамды бақылаған зерттеушілер жеміс-жидек пен көкөністер инсульт қаупін төмендететінінін айтты», - деп жазады автор.

Зерттеу European Heart Journal журналында жарияланды. Онда жұмыртқаны көп тұтыну инсульт қаупін арттыратыны жазылған.

«Зерттеу диапозоны кең болғанымен, сыншылар бұған күмән келтіріп отыр. Ал ғалымдар белгілі бір диеталар арқылы инсульттың алдын алуға болатынын айтты. Олар зерттеуге қатысқан адамдарды 12 жыл бойы бақылаған», - деп жазады автор.

Зерттеу авторы, Шеффилд Университетінің кардиология профессоры Пол Эванстың айтуынша, қауіптің артуы немесе кемуіне тек тамақтану емес, әлеуметтік экономикалық факторлар да әсер етуі мүмкін.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Медицина,
Жоғары қарай