Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 363.22
EUR 413.42
RUB 5.35
CNY 52.78

Арыс тұрғыны жүк көлігінен «жылжымалы» бассейн жасаған

2018 жылдың 19 шілде 2018 11:26 3828

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Арыс қаласында жүк көлігіне су толтырып, жылжымалы бассейн жасағандар ұсталды. Олар тіпті жылжымалы бассейінмен қаланың ішіне кіріп, шомылып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлгілер тіпті түнгі уақытта қаланың орталық алаңына барып, өзгелерді де суға түсірген. Ондай бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап кетті. Онда бұл көрністің Арыс қаласында түсіріліп жатқаны, HOBO жүк көлігінде емін-еркін шомылуға болатыны айтылады.

Алайда тұрғындардың мұндай ерсі әрекеті жергілікті полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Өңірдің ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік шара қолданылуда.

«Түркістан облысының Арыс қаласындағы жүк көлігінің үстіңгі бөлігіне су толтырып алып, азаматтардың шомылып, көшелердің бойымен жүріп өткені бойынша дерекке қатысты құқықбұзушы азамат анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен айыппұл салынып, хаттама толтырылды», делінген хабарламада.

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай