Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

ЖОО бітірген ауыл шаруашылығы мамандары кемінде 3 жыл ауылда жұмыс істеуі тиіс - Төлеутай Рақымбеков

2019 жылдың 11 қараша 2019 15:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков аграрлық саланың өзекті мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында ауыл шаруашылығы маман-түлектерінің тізімін кеңейту бөлігінде «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Олар меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан аграрлық мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс және жұмыс істеу өңірін анықтау бойынша шектеулерді жою қарастырылған. Аталған өзгерістер ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуды тәмәмдаған ауыл тұрғындары қатарындағы азаматтарға квотамен жұмысқа орналасуға және өңірлерді АӨК кәсіби кадрларымен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - дейді Төлеутай Рахымбеков.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы ауыл шарашылығы мамандығында оқитын жастардың оқулығы 70-80% мемлекеттік тілде дайындалатынын айтты.

«Мен 1986 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірдім. Ол кезде бір топта 25 студент болса, жартысы ағылшын тілінде, жартысы қазақ тілінде оқитын, ал жалпы лекциялар орыс тілінде өтетін. Қазіргі уақытта дәрістер 70-80% ана тілімізде өтеді», - дейді ол.

Жоғары қарай