Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камераға ілікті

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 18:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ғалымдар ілбісті (қар барысы) фототұзаққа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды

«Қазақстанда 130-150-ге жуық ілбіс (қар барысы) мекендейді.Ұлттық парктің мамандары жабайы жануарлардың саны мен қорғалуын бақылауды ескере отырып фототұзақтар орнатуда. Биыл Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камера объективіне 5 рет ілікті. Соңғы кадрлар 2019 жылдың қарашасында түсірілген», - деді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, бұл суреттердің бәрі жануарларды сақтауға бағытталған шаралардың нәтижесі.

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Экология,
Жоғары қарай