Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Жомарт Нұркенов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды

2019 жылдың 10 сәуір 2019 22:10 1220

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысы  әкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша,  Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың 2019 жылғы 10 сәуірдегі өкімімен жәна Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов Ақмола облысы әкімінің орынбасары және Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов 1974 жылы туған. Нұр-Сұлтан қаласының тумасы. Білімі жоғары, Ақмола аграрлық университетін мал дәрігері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.


null 

Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» өндірістік кооперативінде мал дәрігері болып бастады. 1998 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасында басшы лауазымдарды атқарды. 2002 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының бөлім басшысы лауазымына ауысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

2012 жылдан бастап Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды. Кейін Атбасар және Аршалы аудандарының әкімі лауазымдарын атқарды. Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комиетінің төрағасы қызметтерінде болды.

2018 жылдың 21-ші ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін Бұланды ауданы әкімінің лауазымында болды.

Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса 1972 жылы туған. Челябинск мемлекеттік аграрлық және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттерін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген.


null 

Еңбек жолын 1989 жылы жұмысшы ретінде бастаған. 1994-2005 жылдары жекеменшік салада еңбек етті. Әр жылдары «Құсайынов және К» серіктестігінің, «Уақ» ғылыми-өндірістік бірлестігінің қаржылық директоры, бас директоры, «Достық МТС» серіктестігінің директоры болды.

2013 жылы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалып, 2014-2016 жылдары «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды. Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет істеді.

2018 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қорғалжын ауданы әкімінің лауазымда болды.

 

 

 

Жоғары қарай