Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

«Жолда қабылдау»: Бір сағатта жүздеген сауал түсті

2019 жылдың 6 сәуір 2019 11:51

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өз жұмысын жол бойында орналасқан 17 пунктте жүргізді. Бірнеше сағаттың ішінде тұрғындардан 100-ден астам сауал келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қойылған сұрақтардың басым бөлігі көлікті қайта жабдықтау мен көші-қон заңнамасы, азаматтық қаруды тіркеу мен сақтау, әкімшілік айыппұлдарды төлеу және мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты болды. Әсіресе, автокөлік иелерін айыппұлдарды төлеудегі жеңілдіктер жүйесі қызықтырды.

Полицейлер түсіндіріп өткендей, егер құқық бұзушы айыппұлды 1 аптаның ішінде төлемесе, 30 пайыздық жеңілдік арқылы төлей алады. Бұл жеңілдік алғаш рет байқамай ереже бұзған азаматтарға, кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалары бар азаматтарға қатысты. Сонымен бірге, айыппұлды азайтуға мүмкіндік беретін басқа да себептер бар.



null

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында баспасөз туры өткізілді. Оның барысында тәртіп сақшылары мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.

Экскурсия процессингтік орталықтан басталды. Бұл жерге автоматты режимде қала жолдарында тіркелген құқық бұзушылықтар туралы барлық ақпараттар келіп түседі және өңделеді. Жыл басынан Петропавл қаласының «интеллектуалды көше қиылыстарында» 1700-ден астам бұзушылық тіркелген. Осы жерде бұзушылық фактілері туралы хабарлама-хаттар жинақталып, көлік құралдары иелерінің мекенжайларына жолданады, ескертулер SMS-хабарламаларын жіберу және автоматты қоңырау шалу арқылы да іске асырылады.

БАҚ өкілдері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында да болды. Мұнда СҚО ПД Тіркеу-емтихан алу бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті. Бөлім бастығының айтуынша, жыл басынан олар тұрғындарға 20 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. 6077 көлік құралы тіркеліп, 5018-і есептен шығарылған. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің 4906 жиынтығы, 5780 жүргізуші куәлігі берілген.



null

Баспасөз-туры «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде аяқталды. Журналистерге хаттамаларды электронды түрде толтырудың, жылжымалы терминалдардың мүмкіндіктері таныстырылды.



null

«Жолда қабылдау» акциясы екі күн бойы өтеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, азаматтарды қабылдау орындарынан әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфир жүргізіледі. Тұрғындардың сұрақтарды онлайн режимде қою мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, екі күн бойы 777-642-32-97 (WhatsApp) нөмірі арқылы «тікелей желі» жұмыс істейді.




null

Жоғары қарай