Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Жолда қабылдау акциясы: Ақмолалықтардың мыңнан астам сауалына жауап берілді

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 22:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қыркүйектің 13-24 күндері полиция мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің қатысуымен «Жолда қабылдау-Тұрғын үй ауласында қабылдау» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында өткен акцияда таңғы сағат 09:00-ден бастап көкшетаулықтардың сауалына Ақмола облыстық ПД бастығы, генерал-майор Берік Біләлов өз жауап берді.

«Біздің мақсатымыз қала тұрғындарын толғандырған сұрақтарды тыңдап, оны шешуде тиісті кеңес беру. Бұлар әкімшілік, айыппұлды өтеу, көші-қонға қатысты мәселелер. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін біз акцияға тәртіп сақшыларынан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін тарттық», - дейді ПД ӘПБ бастығы Аслан Қызбикенов.




Полицейлердің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін акцияға тарту арқылы халықпен диалогты біршама арттыруға болады. Өйткені, тұрғындардың көпшілігі жол және тұрғын үй ауласын абаттандыру төңірегіндегі сұрақтарды қояды.

Барлық сауалдар мен шағымдар арнайы журналда ресми тіркеліп, дер кезінде тиісті шешім қабылданады.

Акция қорытындысы бойынша барлығы 300-де астам адам полицияға жүгініп, 1000-нан астам сауал қойылды. Оның 262 әкімшілік айыппұлды өтеуге, 180-і көші-қон заңнамасының сақталуына, 170-і автокөлікті тіркеуге, 165-і жүргізуші куәлігін беруге, 170-і көлік құралдарын қайта жабдықтау мәселелеріне қатысты.

Тәртіп сақшылары акция кезінде тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдардың барлығы ескерусіз қалмай, мүмкіндігінше жауап берілгенін атап өтті.


Жоғары қарай