Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Жол бойындағы дәретхананы ретке келтіре алмай отырып, сервис жайында қалай айтамыз – Тоқаев

2019 жылдың 14 қараша 2019 12:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын дамытудағы кедергілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз үнемі Ақмола облысы айтарлықтай табиғи-рекреациялық ресурстарға және мәдени мұра нысандарына бай екенін айтамыз. Бірақ, оның туристік әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр. Бүгінгі күні туристік саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,5 пайыздан аспайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Осы орайда Мемлекет басшысы туристер легіне тосқауыл болатын айтарлықтай факторлар бар екенін баса айтты.

«Ең қажетті жол бойындағы дәретханаларды тәртіпке келтіре алмай отырып, сервис жайында қалай айта аламыз?!», - деген Қазақстан Президенті жол бойындағы дәретханалардың жиіркенішті жай-күйі үнемі көтеріліп келе жатқанына баса назар аудартты.

Жоғары қарай