Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Жол бойындағы әжетханалар «жасыл технологияда» жұмыс істейді

2019 жылдың 12 шілде 2019 21:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасыың орынбасары Тимур Дүйсенғалиев жол бойындағы санитарлық-гигиеналық торап құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бағдарламалардың біріне сәйкес, жобалық кеңсе құрылды. Бұл бағдарлама нақты қаражатпен бекітілген. Туризм көптеген басқа салалармен - көлік амандары, экологтар, шаруалармен байланысты. Бізге көбірек құзірет беру үшін мемлекет жобалық басқару механизмін енгізді. Бізде Премьерден жауапты әкімге дейін вертикаль құрылды және «Kazakh Tourism» ғимаратында үйлестіру орталығы ашылды», - деді Тимур Дүйсенғалиев «Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясына арналған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жобалық кеңсенің басты мәселелерінің бірі жол бойындағы дәретхана болып отыр.

«Әлемде оны СГТ - санитарлық-гигиеналық торап деп атайды. Мұндай тораптың 300-ін «Қазавтожол» жүйесі арқылы жыл соңына дейін орнату жоспарланған. Олар түрлі бағытта ірі жолдардың бойында орналаспақ. Енді «Туалетизация» бойынша жеке компания бар», - деді ол.

Сондай-ақ, бұл дәретханалар «жасыл технология» принципінде жұмыс істеуі мүмкін.

«Ешкім далаға кәріз құбырын жүргізіп отырмайды. Сондықтан, «жасыл технологиялар» қолданылады. Бұл жоба әлі талқыланып жатыр, мемлекет белгілі бір қаражатты бөлді. Бұл қаражат санитарлық-гигиеналық тораптың әрі қарайғы күтіміне керек», - деді Т. Дүйсенғалиев.

Басты сөздер: Экология, Қоғам, Туризм,
Жоғары қарай