Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Жол апатында екі аяғынан айрылған Парафиева: Ендігі мақсатым аяғыма нық тұру

2019 жылдың 17 маусым 2019 10:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апатынан екі аяғынан айрылған алматылық келіншек Екатерина Парафиева Германияға қоныс аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келіншек facebook-тегі парақшасында неге Германияға кетуге бел буғанын түсіндірді.

«Менің өмірімді өзгерткен күн... Бұл оқиға менің өзіме деген сенімділігімді арттырды!

2 жыл өтті. Маған екі жыл бұрын біреу осылай істей аласың десе, сенер ме едім?! Сенің болашағың түбегейлі өзгереді десе, басқа елге көшіп кетесің десе сенбес едім. Мен соншама күш-жігерді қайдан алар едім?! Енді жауабын білемін, адамның мүмкіндігі шексіз. Барлық кедергілер басымызда. Адам өзінің неге қабілетті екенін мүлде білмейді», - деді Екатерина Парафиева.

Е.Парафиева «не үшін көшпексің» деген сауалға аяғымнан нық тұруым үшін деп жауап берген.

Оның айтуынша, қазір қызы екеуі Мангейм қаласында жүр.

Еске сала кетейік, Е. Парафиева 16 маусымда Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан жапа шеккен болатын. Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып, көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry машинасын автобус соққан. Қатты соққыдан Toyota Camry айналып, артқы жағымен Honda CRV көлігін ұрған. Соның салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылды.

Жарты жылға созылған сот процесінде автобус жүргізушісі Дәурен Жаңабаевтың 2 жылға бас бостандығы шектелді.

Сонымен қатар, Жаңабаев жәбірленушіге 2 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Жоғары қарай