Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Жол апатынан ауыр жараланған мотоциклист пен жолаушы ауруханаға жеткізілді

2019 жылдың 4 сәуір 2019 20:44

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында мотоцикл жүргізушісі жан түршігерлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 сәуір күні 17:30 шамасында Мир даңғылы мен Алашахан көшесінің қиылысында мотоцикл жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, 34 жастағы Жезқазған қаласының тұрғынының басқаруындағы «Митсубиси Галант» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен оның жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі Жезқазған қаласының полиция басқармасында тіркелген. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жоғары қарай