Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Жоғарғы соттың бес судьясы лауазымдарынан босатылды

2019 жылдың 25 сәуір 2019 10:14 1418

HҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сот судьялары лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Ғалия Бақытжанқызы Аққуова, Әділ Жамбасбайұлы Құрықбаев, Амангелді Өмірбайұлы Сәрсенбаев,  Моряк Смағұлұлы Шегенов орнынан түсуіне байланысты,  ал Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына орай ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.

«ҚР Президентінің Жарлығымен Е. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Ғ. Аққуова, Ә. Құрықбаев, А. Сәрсенбаев және М. Шегенов отставкаға кетті», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары аталған судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.

 

 

Жоғары қарай