Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Жоғарғы палатадағы – жаңа есімдер: Жаңа сенаторлар жайлы не білеміз

2019 жылдың 12 тамыз 2019 21:42 492

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыздың бүгінгі дүйсенбісі Парламент Сенатына жаңа депутаттардың келуімен есте қалатын болды. Ал Жоғарғы палатаға жайғасқан жаңа депутаттар жайлы не білеміз? Осы ретте оқырманды тыңнан қосылған халық қалаулыларының өмірбаянымен таныстыра кетуді жөн көрдік.

Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктерінің тоқтатылуы Сенатқа жаңа депутаттардың келетінін білдірген еді.

Парламенттің жаңалығы өзін көп күттірген жоқ. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды», деп хабарлады Ақордадан.

Осылайша, журналист, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Нұртөре Байтілесұлы ЖҮСІП Сенат депутаты атанып отыр.

Нұртөре Байтілесұлы ЖҮСІП 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, көлік және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары қызметін атқарған. 1990-1996 жылдары - «Егемен Қазақстан» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары. 1996-2002 жылдары - «Жас алаш» газетінің бас редакторы. 2002-2005 жылдары - «Ақ Жол Қазақстан» газетінің бас редакторы. 2005-2006 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры. 2006-2008 жылдары - «Астана хабары» газетінің бас редакторы. 2008 жылдың ақпанынан осы тағайындауға дейін саяси-қоғамдық «Айқын» газетінің бас редакторы.

Оның «Біз кімнен кембіз», «Қазақтың қызы», «Елес пен белес» атты публицистикалық жинақтары жарық көрген. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. 

Ал Асқар Оразалыұлы Шәкіров осыған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келген болатын.

Ол Қарағанды қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институтын, КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнктурасын бітірген. 1978-1987 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнкты, инспекторы, аға инспекторы, ғылыми қызметкері. 1987-1989 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі сыртқы байланыс бөлімінің, 1989-1992 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты бөлімінің бастығы.

1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Келісімшарт-құқық басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Уақытша Сенімді Өкілі, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі. 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, 1998-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

СССР-дың ІІІ дәрежелі «За безупречную службу» медалімен, Қазақстан Республикасының «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін» медальдарымен, Ресей Федерациясының «За укрепление таможенного содружества» медалімен, Қырғызстан Республикасының «За укрепление таможенного сотрудничества» медалімен марапатталған.

Аталған әріптестермен бір Палатада Дана Нұржігіт, Ләззат Сүлеймен, Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов та қызмет атқаратын болды. Сондай-ақ, бұдан бұрын Бас прокурордың орынбасары болған Андрей Иванович Лукин де сенатор атанса, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева мен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып қайта тағайындалды. 

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1983 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1985-1987 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты. Саяси ғылымдар докторы, тарих ғылымдарының кандидаты. 1992-1994 жылдары - «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті. 1994-1995 жылдары - «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігінің директоры. 1995-1998 жылдары - «Хабар» Агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1998-2001 жылдары - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті. 2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы. 2004-2007 жылдары - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясының тізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі. 2007-2012 жылдары - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры» қоғамдық қорының директоры. 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. 2014-2015 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. 2015 жылғы қыркүйектен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болды. 2019 жылдың наурызынан ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болды.

«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. 2001 жылдан бастап Еуразиялық медиа-форумының ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы. «Құрмет», «Парасат» орденімен және Франция Республикасының Әдебиет және өнер орденімен марапатталған. Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.

Дариға Назарбаевамен бірге Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед те Сенат депутаты болып қайта тағайындалып отыр. Ол 1960 жылы 12 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 1982-1992 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және әлеуметтану редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас директордың орынбасары, 1992-1999 жылдары - шағын кәсіпорын директоры, «Атамұра» корпорациясының президенті. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған. Заңнама және құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, 2010 жылдың 12 наурызынан ҚР Мәдениет министрі. 2012-2013 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, 2014 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалған.

Заң ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрді. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты мемлекет және құқық тарихы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ал Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен 1961 жылы 10 ақпанда Талдықорған облысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының математика факультетін (1983) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Ресей мемлекеттік әлеуметтік институтының экономика факультетін (Мәскеу қаласы, 1992) экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 1977-1979 жылдары Талдықорған облысы Ақсу ауданы ҚҒЗИЗ-ы Ақсу Тәжірибе жасау шаруашылығының жұмысшысы, 1983 жылдан Талдықорған облысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде Чапаев атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары, 1986-1990 жылдары Талдықорған облысы Қазақстан ЛКЖО Ақсу аудандық комитетінің бірінші хатшысы болған. 1992 жылдан Талдықорған облыстық Жастар ісі комитетінің төрағасы, Талдықорған облыстық Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бірінші орынбасары, 1997 жылдан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы қызметін атқарған. 1998 жылдан ҚР Орталық сайлау комиссиясы Аппаратының кеңесшісі, ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, 2003 жылдан бері - ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. Халық депутаттары Ақсу аудандық Кеңесінің және Халық депутаттары Талдықорған облыстық Кеңесінің (1986-1992) депутаты болып еңбек еткен.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары болған. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2005) медальдарымен марапатталған.

Сол секілді, прокуратурадан Сенатқа қосылған Андрей Лукин 1985-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы қызмет жолдары басталып, Ақмола қаласы Ішкі істер Шығыс бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Ақмола қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті басқармасының бастығы, 1998-2003 жылдары-Астана қаласы тұрғын үй департаментінің бастығы қызметіне көтерілген.

2003 жылғы шілдеден қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік және құқықтық жұмыс департаментінің директоры, 2003-2005 жылдары-Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарған. 2005-2012 жылдары-Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, 2012-2014 жылдары-Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары), 2014 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы тамызға дейін-Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2017 жылғы 23 тамыздан 2019 жылғы 25 сәуірге дейін ҚР Бас прокурорының орынбасары болып еңбек еткен.

Сонымен қатар, сенатор атанған Дана Нұржігіттің есімі көпке белгілі. Қазақ телевизиясында орыны бар Дана Нұржігіт бірнеше интелектуалдық бағдарламаның авторы. Тележүргізушілік қызметін 24 жасында «Хабар» арнасында бастаған. «Хабар» телеарнасында 41 жасына дейін қызмет атқарған. Қазақ көрермендеріне Дананың «Дара жол» бағдарламасы етене таныс екенін айта кету керек.

Ал Қанатбек Сафинов 1962 жылы Жамбыл облысында өмірге келген. Сол тұстағы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Әр жылдары, Қазақстанның ГФР сауда өкілінің орынбасары (1994-1996), «Қазақстан әуе жолы» ҰАК Вице-президенті (1996-1997 ), Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының менеджері (03.1997-05.1997), «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Заң департаментінің директоры (05.1997-10.1997), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, заң бөлімінің меңгерушісі, заң, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі, заң бөлімінің меңгерушісі (10.1997-02.2002) қызметтерін атқарған. «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының орынбасары (02.2002-03.2002), «Мұнай және газ көлігі» ҰК» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2001-2002), «ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (03.2004-06.2006), «Самұрық-Энерго АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (05.2007-05.2009), «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (01.2009-06.2009) болған.

Жоғары қарай