Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Жоғалып кеткен әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

2019 жылдың 18 маусым 2019 11:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облыстық полициясы ауылға бара жатқан жолда жоғалып кеткен Айнұр Қасымованы өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 маусымда Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының тұрғыны өзінің әпкесі Айнұр Қасымованың ауылға қайтар жолда жоғалып кеткенін хабарлаған.

43 жастағы әйел «Митсубиси Галант» көлігіне отырғанын жақындарына телефон арқылы хабарлаған.

Әйел бір хабарламасында Сағабүйен ауылы маңында көлік бұзылып, жолда өтіп бара жатқан Тойота көлігіне отырғанын жеткізген.

Бұл ақпаратты полицияға жеткізілген «Митсубиси Галант» көлігінің жүргізушісі де растады.

«Әйелді іздеуге Ақсу аудандық полициясының жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің мамандары да тартылды. Сағабүйен мен Жансүгіров ауылдарының айналасы түгел тінтілді. Нәтижесінде 47 жастағы такси жүргізушісі ұсталды», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ұсталған ер адам Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындап, мүрдені көмген жерін көрсетті.

«Мүрденің Айнұр екенін жақындары растады. Қылмыскер оны жапан далаға көміп кеткен. Адам өлтіру дерегіне байланысты байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді» - деді полиция өкілдері.

Ұсталған 47 жастағы таксист Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ол бұрын жауапкершілікке тартылмаған.

Жоғары қарай