Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Жетісайлық ұстаздар бес күндік демалыста 5 мың дана бетперде тіккен

2020 жылдың 26 наурыз 2020 15:52

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында ұстаздар бес күндік демалыста 5 мың дана бетперде тіккен. Бұл маскалар ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжановтың айтуынша, бұл маскалар халықтың осал топтағы азаматтарына тегін таратылған.

«Атап айтар болсақ, 141 отбасына (712 адам), 182 жалғызбасты қарт адамға, кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі 267 балаға, одан кейін 18 жастан асқан 111 психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарға, оңалту орталығындағы 81 балаға бетперделер берілді. Қалған бетперделер қажетіне қарай қосымша мұқтаж азаматтарға тиісті бөлім тарапынан берілетін болады. Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай, демеу көрсете білгені үшін аудан ұстаздарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз»,- дейді Әділхан Әбжанов.











Жоғары қарай