Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Жетісайда өгей шешеден қорлық көрген қыздар ауруханаға жатқызылды

2019 жылдың 17 сәуір 2019 20:03 1024

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында өгей шешеден қорлық көрген қыздар ауруханаға жатқызылып, ем қабылдауда. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мира Сүлейменованың сөзінше, үш қыздың да жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалауда.

«Оларға ауруханаға түскен күннен жан - жақты медициналық көмек көрсетілуде. Өмірі мен денсаулығына қатысты еш қауіп жоқ. Өгей шешеден зәбір көрген кәмелет жасқа толмаған қыздармен білікті мамандар, психологтар жұмыс істеп жатыр»,- дейді басқарманың баспасөз хатшысы. 

Бұған дейін Жетісай ауданында өгей шеше қыздарына қорлық көрсеткен бейнежазба тарағанын хабарлаған едік.

Осыдан кейін Түркістан облыстық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты тергеу шаралары басталғанын мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та бұл мәселені өз бақылауына алғаны белгілі болды.  

 

 

 

Автор: Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Жоғары қарай