Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Жетісай және Мақтаарал аудандық полиция бөлімдері жанынан «Халықтық кеңсе» ашылды

2019 жылдың 15 маусым 2019 23:34 1032

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Жетісай және Мақтаарал аудандық полиция бөлімдері жанынан "Халықтық кеңсе" ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі "2019-2021 жылдарға арналған жол картасын" іске асыруға байланысты арнайы азаматтарды қабылдауға бағытталған. Ашылған халықтық кеңсеге Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы,  полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, Жетісай мен Мақтаарал аудандарының әкімдері,  аудан ардагерлері, жергілікті тұрғындар, БАҚ өкілдері мен АПБ-нің жеке құрамдары  қатысты. Халықтық кеңсенің басты мақсаты халықпен кері байланыс орнатып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, арыз шағымдарын қанағаттандыру болып отыр.  

 

 

Жоғары қарай