Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Жетісай мектептерінде робототехника кабинеттері көбейіп жатыр

2020 жылдың 24 ақпан 2020 12:15

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданындағы мектептер робототехникалық құрал-жабдықтармен қамтылуда. Қазіргі таңда 13 білім мекемесіне толығымен заманауи құрылғылар берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл аудан басшысының қолдауымен тағы 3 мектепте IT-сынып ашу үшін жергілікті бюджеттен 24 млн 147 мың теңге қаржы қаралып отыр.




Өз кезегінде жастар да робототехника бойынша білімін жетілдіріп, түрлі сайыстарға қатысуда. Жуырда «ROBOTECH – 2020» технологиясы негізінде аймақтық ашық чемпионат өткен болатын. Онда сызық бойымен жүру, робосумо-интеллектуалды ойыны, робосумо, кегельринг-квадро және бәйге атты 5 санаттан тұратын сайысқа Жетісай және Мақтаарал аудандарынан 60 команданың құрамында 120 оқушы қатысты.




Шараны аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Түркістан облысы әдістемелік кабинетінің, білім бөлімі мен «ROBOTURKISTAN» Түркістан облыстық білім және спорттық робототехника федерациясы ұйымдастырған.

Чемпионат қорытындысы бойынша жетісайлық оқушылар үздіктер қатарынан көрініп, арнайы марапатқа ие болды.





Жоғары қарай