Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

Жеңіс Қасымбек индустрияландырудың үшінші бесжылдығының негізгі бағытын атады

2019 жылдың 26 наурыз 2019 11:45 371

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл индустрияландырудың үшінші бесжылдығын дайындау жұмыстары жүргізіледі.  Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін бағдарламаның жоспарланған барлық  индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол  жеткізілетін болады. Бұған Елбасының «қарапайым заттар экономикасы» жобаларын, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдау бағдарламасын іске асыру туралы бастамаларын жүзеге асыру ықпал етеді. Жыл қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп кем дегенде 4 пайызға өсуі тиіс», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары биылғы жылғы негізгі міндеттердің бірі -  индустрияландырудың үшінші бесжылдығын дайындау екендігін атап өтті.

«Индустриялдандырудың  үшінші бесжылдығында негізгі бағдар  еңбек өнімділігінің өсімі арқылы өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экспорттаушыларды қолдау  және Қазақстан тауарларын сыртқы нарыққа шығару болады. Бұл құжат әлеуметтік бағдарланған болуы керек. Ішкі нарықты өңдеу өнеркәсібінің жоғары сапалы отандық өнімдерімен, соның ішінде халық тұтынатын тауарлармен толтыру арқылы әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал ету тиіс», - деді Жеңіс Қасымбек.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Экономика, ҚР Үкіметі,
Жоғары қарай