Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Жеңіліп көрмеген Абылайхан Құсайынов рингке қайта оралды

2019 жылдың 18 қазан 2019 11:21

КАЛИФОРНИЯ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы, еш жеңіліп көрмеген Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) Калифорнияда жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Абылайхан әйгілі американдық тәлімгер Джеймс «Бадди» МакГирттің жетекшілігімен, отандастары Мейірім Нұрсұлтановпен (12-0, 8 КО) және Жәнібек Әлімханұлымен (7-0, 3 КО) бірге жаттығып жатыр. Құсайыновтың рингке оралатын күні әзірге белгісіз.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыда өткізген еді. Ол кезде спортшы үшінші раундта армян спортшысы Гарник Харутюнянді (3-2, 2 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.

2018 жылғы күзге дейін Құсайынов Канадада Eye of the Tiger Management компаниясы ұранымен рингке шығып жүрді.

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай