Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жеңіл атлетикадан Таиландтағы турнирде қоржынға екінші «алтын» түсті

2019 жылдың 19 мамыр 2019 20:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тайландта жеңіл атлетикадан Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирі жалғасуда. Бүгін Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Елизавета Матвеева биіктікке секіруден алдына жан салған жоқ. Ол 1,83 метрді бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Осылайша, Қазақстан спортшылары жеңіп алған алтын медаль саны екеуге жетті. Бұдан бұрын Мария Овчинникова үш қарғып секіруден жеңімпаз атанған болатын. Ол 13.19 метрге секіріп, 2019 жылғы Азия чемпионы, тайландтық Паринью Чуаймароенгті артта қалдырды.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ақпаратына сәйкес, Бангкок астанасында 18 мамыр күні басталған Thailand Open Track & Field 2019 турнирі 21 мамырға дейін жалғасады. Ашық чемпионатқа 17 мемлекет пен 4 кәсіби клуб қатысады.

Ел намысын қорғауға аттанған жеңіл атлеттер: Иван Иванов (ядро лақтыру, 21 мамыр), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру, 19 мамыр), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру, 19 мамыр), Полина Иванова (сырықпен секіру, 20 мамыр)

Спортшылар жеңіл атлетиканың 22 түрінен сынға түседі.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай