Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Жеңіл атлетикадан ел чемпионаты: 60 метрге жүгіруден отыз жыл өзгермеген рекорд жаңарды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 23:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды құрамасы бірінші орынға ие болды. 21 жасар қарағандылық Давид Ефремов 60 метрге жүгіруде елдің рекордшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл дистанцияда отыз жыл бойы Андрей Гутовтың рекордын ешкім жаңарта алмаған болатын. 1992 жылы жеңіл атлет 7,78 с ішінде 60 метрді жүгіріп өткен.

Давид Ефремов бұл көрсеткіштен асып түсіп, аталмыш қашықтықты 7,67 секіндта жүгіріп өтті. Қарағандылық спортшы наурыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатына нормативті орындады. Жерлесімізді Николай Барсанов жаттықтырады.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан Қазақстанның XXIX чемпионаты 17-18 қаңтарда Өскемен қаласында Ольга Рыпакова атындағы спорт манежінде өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 260 спортшы қатысты.

Біріншілікте нәтижелерді бағалау үшін алғаш рет Finish LYNX «ақылды» жабдығын пайдаланды. Оның көмегімен спортшылардың нақты қадамдастыру және фотофиниші анықталды, ал барлық деректер автоматты түрде экранда көрсетіліп отырды.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қарағанды облысының спортшылары көш бастады. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшылары, үшінші орынды Қостанай облысының спортшылары иеленді.

Қарағанды атлеттері 27 медальға ие болды, оның ішінде 8 алтын, 13 күміс, 6 қола.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеңіл атлетикадан әлем жарыстарында ел намысын қорғайтын болады. Үздік атлеттер 12-13 ақпанда Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.


Жоғары қарай