Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылдың 16 ақпан 2020 06:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Ақмола, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 30 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында боран соғады.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай