Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

Жексенбі күні Қазақстанда жаңбыр жауып, жел тұрады

2018 жылдың 19 тамыз 2018 01:51 833

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 тамыз, жексенбі күні атмосфералық тұтас бұлттардың келуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Екпінді жел соғады. Батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал солтүстік-батыста және солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік өңірлерде тұман түседі деп күтілуде.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 19 тамызда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, қарқыны 15-20 м/с дейін қатты жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерлерде күшті жел соғып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды және Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болады.

Жамбыл облысында күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жететін күшті жел тұрады.

Атырау облысында да жел күшейіп, дауыл тұрады. Шаңды дауылмен бірге күн күркіреуі мүмкін.

Алматы облысында және Қарағанды өңірінің кей жерлерінде аптап ыстық болуы ықтимал. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Қарағанды облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай