Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 346.68
EUR 404.02
RUB 5.47
CNY 51.15

Жазғы Азиада: Қай елдерде өтті

2018 жылдың 13 шілде 2018 10:58 539

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың басты додасы XVIII Жазғы Азиада ойындарының басталуына бір айға жуық уақыт қана қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы бәсі биік дода Индонезияның астанасы Джакартада және Суматра аралының ең үлкен қаласы Палембангте 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.

Бүгінгі таңда Индонезия елі аталған құрлықтық бәсекені қабылдаудың соңғы дайындық жұмыстарын пысықтау үстінде.

Азиада ойындары алғаш рет 1951 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтті. Міне, содан бері 17 рет жалауын желбіретті. Биыл 18-ші рет алауы тұтанғалы отыр. Ойындардың жалпы ұзақтығы - Ашылу және Жабылу салтанатын қоса есептегенде кем дегенде 7 және ең көп дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі.

Осы орайда жазғы Азиада ойындарын қандай елдер өткізгенін оқырман назарына сала кеткенді жөн санап отырмыз.

Жазғы Азиада ойындарын өткізген елдер:

Жыл

Жазғы ойындар

Қала

Ел

1951

I

Нью-Дели

Үндістан

1954

II

Манила

Филиппин

1958

III

Токио

Жапония

1962

IV

Джакарта

Индонезия

1966

V

Бангкок

Таиланд

1970

VI 

Бангкок

Таиланд

1974

VII

Тегеран

Иран

1978

VIII

Бангкок

Таиланд

1982

IX

Нью-Дели

Үндістан

1986

X

Сеул

Оңтүстік Корея

1990

XI

Бейжің

Қытай

1994

XII

Хиросима

Жапония

1998

XIII

Бангкок

Таиланд

2002

XIV

Пусан

Оңтүстік Корея

2006

XV

Доха

Катар

2010

XVI

Гуанчжоу

Қытай

2014

XVII

Инчхон

Оңтүстік Корея

2018

XVIII

Джакарта

Индонезия

Автор: Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Азиада, Спорт,
Жоғары қарай