Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Жәйремдегі жанжал: 7 адам ұсталды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 13:05

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері Жәйрем тау-кен байыту комбинатындағы жанжалға қатысқан Жәйрем кентінің 7 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық әрекеттер жасады және біреудің мүлкін ұрлады деген күдікпен 22-33 жас аралығындағы Жәйрем кентінің жеті тұрғыны ұсталды. Олар өз кінәларын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Еске салайық, 12 тамызда Жәйрем кентінде Жәйрем тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары жанжалдасқан еді. Қарағанды облыстық полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.


Автор: Агата Мухамеджанова

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Оқиға,
Жоғары қарай