Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионы моңғол спортшысымен күш сынасады

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 00:45

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - 26 қаңтарда Моңғолия астанасында Әли Қабдолла жауынгерлік самбо спортынан Баттөр Батбаатармен күш сынасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Ұланбатырдағы «АСА» циркінде Ресей, Қазақстан, Моңғолия және Тува Республикасының спортшылары күш сынасатын «Mongol Fighting Championship» халықаралық турнирі өтеді.

Жұртшылықтың назары 66 келі салмақ дәрежесіндегі Әли Қабдолла мен Баттөр Батбаатардың айқасында болмақ.

Айта кетерлігі, Әли Қабдолла Қазақстанның жауынгерлік самбодан екі мәрте чемпионы, кәсіпқой рингте екі мәрте қарсыласын жеңген, Баттөр Батбаатар 5 жекпе-жек өткізіп, соның төртеуін уақытынан бұрын жеңіспен аяқтаған.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай