Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Жастарға арналған арендалық баспана: Елордада өтініштерді қабылдау басталады

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 06:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Жастар жылы аясында елордада жұмысшы жастарға 1050 арендалық баспана беру жоспарланып отыр. Бұл туралы мәслихат отырысында Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік саясаттың басым бағыты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету екендігін айтты. Ағымдағы жылдың қараша айында жұмысшы жастарға арналған жалдамалы 1050 пәтерге өтініштерді қабылдауды бастаймыз. Өтініштер Smart Astana платформасы арқылы жүзеге асырылады», - деді ол.




Бұған қоса, басқарма басшысы жастарды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге гранттар беріледі. Биыл 63 жас кәсіпкер грантқа ие болды», - деп қосты Рахманберді.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға да баса назар аударылады. Мәселен, биыл тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін 165 бала грантқа ие болды. Оның 140-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, ауылшаруашылығы және биоресурстар мамандықтарын таңдаған. Қалған 25-і педагогикалық мамандықтар бойынша білім ала бастады.




Сонымен бірге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыға жататын 49 түлек Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің арнайы грантына ие болды. Олардың арасында жетімдер, балалар үйінің түлектері, мүгедек және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың балалары бар.

Жоғары қарай