Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Жастардың табысты болуы үшін оларға қажетті барлық жағдайды қазір жасау керек - Елші

2018 жылдың 11 қазан 2018 08:25 101

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастардың табысты болуы үшін оларға қажетті барлық жағдайды қазір жасау керек. Бұл туралы ҚР Президентінің биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына қатысты пікір білдірген Аргентинаның Росарио қаласындағы қазақстандық мәдени орталықтың директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Әлем Елшісі Ирина Вагнер айтты.

«Менің ойымша, әрбір азаматтың өзін мемлекеттегі жалпы ілгерілеудің құрамдас бөлігі ретінде сезінуі Елбасы Жолдауының өте маңызды психологиялық сәті болып табылады. Мемлекеттің тұрғындардың жеке әл-ауқатына алаңдаушылық білдіретіні әрқайсымыздың бойымызда қайтарым сезімін оятатыны сөзсіз. Президенттің басқару үлгісін ажыратып көрсетіп отырған нақты жоспарланған әрекеттер қазақстандықтардың бойында бүгінгі тұрақсыз әлемде тыныштық пен қорғалу сезімін ұялатады. Қоғамдық сананы жаңғырту процесінің аясында маған ең маңызды болып көрінген бірнеше тармақты атап көрсеткім келеді. Олар: мектепалды білім беру сапасын көтеру, педагогтардың жұмыс жағдайы мен мәртебесін өсіру, жоғары білім сапасын қадағалау»,-дейді Елші.

Сондай-ақ ол жастар елдің болашағы екенін айтады. Ал олардың табысты болуы үшін барлық қолайлы жағдайды қазір жасау керек. Мысалы, қазіргі кезде Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жастар арасындағы халықаралық Олимпиада ойындары табысты өтіп жатыр. Оған 57 қазақстандық атлет қатысуда.

«Сондай-ақ Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау ұсынысын ерекше қолдайтынымды айтқым келеді»,-дейді Ирина Вагнер.

 

 

Басты сөздер: Елбасы Жолдауы 2018, Жастар,
Жоғары қарай