Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Жастар жылы: Спортта арулардың саны артып келеді - Махаббат Большина

2019 жылдың 23 қаңтар 2019 22:43 942

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Спорт саласында аруларымыздың саны артып келеді. Мұндай пікірді Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері Махаббат Большина білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары елімізде спорт саласына жіті көңіл бөлінуінің арқасында аруларымыздың арасында спортшылар көбейе түсті. Қазақ қыздарының спортпен достасқанын қалаймын. Әрине, таңдаған спорты тап өзіндей «әдемі» болса... Елбасы айтқандай, бүгінгі күні қыздарымыз өзін-өзі қорғауға дайын болуы керек. Ол үшін əрине, спортпен шұғылданған маңызды», - дейді М.Большина.

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде джиу-джитсуден әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева спорт саласындағы тәжірибесі және осы салада атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндаған болатын. Елбасы жас спортшының сөзін тыңдай келе, «Қыздарды өзін-өзі қорғай білуге үйреткен аса маңызды», деп атап өткен еді.

Сондай-ақ басқарма маманы ауыл жастарының спортпен айналысуына жағдай жасауға қатысты пікірімен бөлісті.  

«Ақмола облысының спорт қауымдастығының мүшесі ретінде еліміздің кез келген спорттық жеңістеріне ерекше қуанамын. Еліміздің экономикасымен бірге спорт та дамуда. Біздің облыста да Теміртас Жүсіп, Дина Жоламан, Мөлдір Базарбаева сияқты көптеген атақты жас спортшылар бар. Біз олармен мақтанамыз. Әсіресе, мемлекет тарапынан спортқа деген қолдау жоғары деңгейде. Мемлекет басшысының «Туған жер» кіші бағдарламасы шеңберінде де жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасында ауылдық елдімекендерде спорт нысандары көптеп салынуда. Барлығымыз ауылдан шыққанбыз. Сондықтан, ауылдық жерлердегі жастардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау маңызды деп есептеймін», - дейді ол.

Оның айтуынша, көптеген ауылдарда әлі күнге дейін спорттық үйірмелер жетіспейді.

«Болғанның өзінде толыққанды спортпен айналысуға мүмкіндік жоқ. Биылғы Жастар жылы осы мәселе оң шешімін табады деп сенемін. Жалпы, ауыл жастарының спортпен айналысуына жағдай жасалынып жатқандығы біздерді қуантады», - деді Махаббат Большина.

 

 

Жоғары қарай