Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жастар жылы: Павлодарда 500-ге жуық ауқымды шара өтпек

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 20:38

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында биыл Жастар жлы аясында 500-ге жуық ауқымды шара өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірде бір жылдың ішінде түрлі бағыттағы 500-ге жуық ауқымды шара өткізбекшіміз. Соның ішінде экологиялық бағытта да атқарылатын істер бар. Бүгінгі балықтарды құтқару шарасы жастар жылындағы алғашқы игі істеріміздің бірі» -дейді облыстық жастарды дамыту орталығы директорының орынбасары Асқар Тыныбаев.

Айта кетсек, бүгінгі балықтарды құтқару науқанына өңіріміздің жас белсенділері де жұмыла қолдау көрсетіп жатыр. Өйткені қыста мұз қатқаннан кейін айдындардағы балықтарға ауа жетпей, қырылып қалу қаупі төнеді.

«Қыста, әсіресе көктемге қарай су жәндіктері ауа жетпей қалу қаупі туындайды. Сондықтан мұзды ойып ол жерге қамыс шаншып қойса, оттегі түтікше арқылы жетеді. Облыстағы барлық тоғандарда осындай шара ұйымдастырып жатырмыз», - деді Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Серік Әбсалықов.

Оразай Шамұғанұлы

Жоғары қарай