Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Жастар жылы: Бейжіңде еңбектеген сәбилер қатысқан жарыс өтті

2019 жылдың 19 мамыр 2019 06:10

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде Қазақстандағы Жастар жылы аясында жеңіл атлетикадан жарыстар өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Іс-шараға қазақстандық дипломаттар, ұлттық компаниялардың өкілдері мен олардың отбасылары - еңбектеген сәбилер мен мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар мен студенттер қатысты.

Жарыс 1 жасқа дейінгі нәрестелердің 10 метр қашықтықты еңбектеп еңсеруінен басталды. Кейін 1-2 жас, 3-4 жас, 5 жас, 6-7 жас, 8-9 жас, 10-11 жас, 12 және одан жоғары жастағы балалар бақ сынады.





Дода жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтің атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар алды.

«Ең кішкентай сәбилердің қатысуымен жарыс биыл екінші рет өтіп отыр. Бұл жақсы дәстүрге айналып келеді. Балалар оған тынымсыз дайындалып, басталуын күтеді. Мұндай спорттық шаралар ұжымның бірлігін нығайтады, салауатты өмір салтына бала кезден баулып, патриоттық сезімді арттырады», - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР-дың ҚХР-дағы елшілігінің кеңесшісі Асан Әлібаев.


























Авторы Садық Әкежанов

Жоғары қарай