Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Жастар кадр резерві: Бекжан Әлімкұлов басшылық лауазымға тағайындалды

2020 жылдың 26 ақпан 2020 23:07

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Президенттік жастар кадр резервіне енген Бекжан Мухидинұлы Әлімкұлов ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас кезінен-ақ халық игілігіне қызмет етуге барын салған Бекжан Әлімкұловтың еңбек жолы «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы саласында құқықтық қызмет көрсетуден басталып, еліміздің бас қаласында ірі құрылыс өнеркәсіпорнын ашумен жалғасқан.

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Zhas Otan» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестіктігі орталық кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» филиалының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес мүшесі.

«Бірнеше тілді еркін меңгеріп, Германияның Федералдық экономика және Энергетика министрлігі ұйымдастырған басқарушы кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас басшы өзінің өмірлік кредосын туған елі үшін жақсылық жасаумен байланыстырады», - делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ақпаратында.


Жоғары қарай